5-6 сынып оқушыларына арналған "Алтын сақа" олимпиадасының
Республикалық “Алтын сақа” пәндік олимпиадасы - математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыруды және қабілетті балаларды анықтап, оларды ынталандыруды мақсат етеді. Олимпиада логикалық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған. Биыл олимпиаданың құрылғанына 10 жыл толады. Осы уақытқа дейін Қазақстандық қабілетті оқушылар жұртшылыққа таныла бастады. 3-4, 5-6 сынып оқушылары мектепішілік, аудан/қалалық, облыстық, республикалық кезеңдерінде бақ сынайды.