Құрметті педагогтер, жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері! » Орта мектеп-гимназия
"Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72772) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті педагогтер, жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері!
22
июнь
2022

Құрметті педагогтер, жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері!

Құрметті педагогтер, жоғары оқу орындарының 
 
педагогикалық мамандықтарының түлектері!


Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерде білім беру сапасын жақсарту мақсатында білікті және ынталы педагогтерді, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар бойынша үздік түлектерін Алматы облысына жұмысқа шақырамыз.


Алматы облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 390 қаулысымен бекітілген Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Арнаулы бағдарлама) педагогтердің бос лауазымдарына конкурс жариялайды.


Конкурсқа қатысуға шақырамыз


Конкурсқа тұрғылықты жеріне қарамастан, тиісті бейіндері бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсіптік және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында педагогикалық қайта даярлаудан өткен), сондай-ақ «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтер, сонымен қатар жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар бойынша үздік түлектері (гуманитарлық бағыт бойынша үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес,  жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,2-ден төмен емес жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері, сондай-ақ педагогикалық мамандықтар бойынша үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,4-тен төмен емес магистратураны бітірушілер) қатыса алады. 

 Конкурстың негізгі қағидаттары тұрғылықты жеріне қарамастан барлық үміткерлердің құқықтарының теңдігі, үміткерлер арасындағы адал бәсекелестік, өткізудің объективтілігі, ашықтығы, жариялылығы болып табылады.

Конкурс мыналарды қамтиды: 

1) Конкурстың өткізілетіні туралы хабарлау;

2) құжаттар қабылдау;

3) компьютерлік тестілеу және эссе;

4) әңгімелесу.

Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар өтінішпен қоса келесі құжаттарды жолдауы қажет: (Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы қағидаларына
 
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша):

1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) білім беру ұйымының басшысы растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

3) білім туралы құжатының көшірмесі немесе транскрипт (Transcript) ЖОО педагогикалық мамандықтарының түлектері үшін;

4) жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері  үшін ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты;

5) фотосуреті бар түйіндеме;

6) педагогтер үшін білімі және біліктілігі туралы құжаттың көшірмесі;

7) электрондық форматтағы 3х4 көлеміндегі фотосурет;

8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулығының жай-күйі туралы медициналық анықтама;

9) қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, академиялық және ғылыми дәрежелер беру, кәсіптік жетістіктері мен жарияланымдары және т.б. туралы құжаттардың көшірмелері).

Құжаттар almustaz@mail.ru. электронды мекен-жайға жіберіледі. 

Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы маусым айының 16-26 маусым аралығында жүзеге асырылады. 

Конкурстық іріктеуден өткен және Арнаулы бағдарламаның қатысушысы болған педагогтерге, жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар түлектеріне «Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығына сәйкес республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен есептелетін лауазымдық айлықақының 150 %-ы мөлшеріндегі ынталандырушы қосымша ақыны қамтитын ынталандыру шаралары пакеті ұсынылады. 


Байланыс деректері: Call-орталықтың телефоны - 87282-329416, 87475028538, 87782652877

Нақтыланған ақпарат қосымшада баяндалған: хабарландыруға Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидалары (Арнаулы бағдарлама) және пән мұғалімдерінің қажеттілігі көрсетілген облыс мектептерінің тізімі тіркелген.

Толық ақпаратты Алматы облысы білім басқармасының ресми сайтынан көре аласыз.  https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-bilim?lang=ru.




 
 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив