Жүзден жүйрік » Орта мектеп-гимназия
"Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72772) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
апрель
2022

Жүзден жүйрік

Орынхан Абылайхан Талғатұлы, Орынхан Абылайхан 14.07.2004 жылы Қапшағай қаласында дүниеге келген. Орта мектеп-гимназиясының 11 «А» сынып оқушысы. Аталған мектепте 11-сыныптан бастап оқиды. Төменгі сыныптан бастап информатика, жаңа технологиялар мен роботтарға деген қызығушылығы жоғары болған.

  Түрлі ғылыми жобалар мен Республикалық жас робототехниктер байқауларына қатысып жүлделі орындарды еншілеп келеді. Атап айтатын үлкен жетістіктерінің бірі көпфункционалды «Эко-робот» ойлап тапты. Роботтың басты ерекшелігі  адам күшін қажет етпей қашықтықтан басқару арқылы қоқыс тазалау және қыс уақытында қар күреу болы табылады. Экологиялық жағынан тиімділігі-жанармай емес электромотор арқылы жұмыс істейді. Осы аталған жоба бойынша  қалалық семинарлар мен  ашық есік күндерінде басқа қатысушыларға көрсетіп, дәріптеп, өздерінен кейінгі буынға үйрету жұмыстарын жүргізуде. Болашақта IT-мамандарын даярлайтын жоғары оқу орнына оқуға түсіп,  білікті маман атанып, осы  және басқа да  жобаларын  ары  қарай дамытып  қаланың тазалығы мен балалар ойнайтын алаңдарды барынша экологиялық қауіпсіз аймаққа айналдыру мақсаты бар. Жетістіктері: 

2019ж. WRO-2019 “Sumo” категориясы бойынша облыстық іріктеу кезеңінде 1 орын; 

2019ж. Облыстық "KazRoboProject" жарысы 3 орын; 

2019ж. Республикалық "Балдаурен білгірі" жарысы 1 орын;   

2020ж. Республикалық "ЮНЕСКО" жарысы 1 орын;

2020ж. Республикалық "KazRoboProject" жарысы 2 орын;

2020ж. Облыстық "Жетісу Дарын" , "техника" секциясы 2 орын;

2021ж.  Республикалық "Жетісу Дарын" "техника" секциясы бойынша қатысушысы;

2021ж. Елбасы медалі жобасының қола деңгей иегері;

         2021ж. ‌Қалалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасында физика пәні бойынша II орын;

       2021ж. Қапшағай қаласы әкімінің "Көшбасшы-2021" жастар сыйлығының "ЖАС ҒАЛЫМ" номинациясы иегері

2021ж."Болашаққа жол өзіңнен басталады" атты вебинарда қатысқаны үшін сертификат;





Похожие публикации:

12 январь 2022 "Дарын"